Жамбыл облысы Сарысу ауданы
"Саудакент ауылы Балтабай Адамбаев атындағы Тірек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 21-190
Есепші бөлімі:
+7(72634) 21-539
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
декабрь
2018

«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы

21.12.2018 жылы Балтабай Адамбаев атындағытірек орта мектебінде “Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі ” деген тақырыпта қыздарға арналған кеш өтті.
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Кеш пікірталас түрінде өтті.Ата-ананы пір тұтқан,тегімізді атадан, тілімізді анадан бастаған , «Атасыз ұл ақылға жарымас,анасыз қыз жасауға жарымас», «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе» - дегендей,Сіз қандай бойжеткен болдыңыз? Қыздарымызға берер қандай ақыл-кеңесіңіз бар? .Сіздердің кездеріңізде қыздардың тәрбиесі қандай еді? Қазіргі қазақ қыздарының тәлім тәрбиесіне көңіліңіз толама? –деген сұрақтар төңірегінде жүргізілді.
Халықтың тәлім- тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке баулу мақсатында ашылған мектептегі “Қыз Жібек” қыздар клубының жетекшісі Көлбаева Айсұлу әрқашан оқушы қыздармен тығыз байланыста екенін және “Қыз тәрбиелей отырып -ұлт тәрбиелейміз” деген идеяны ұстанатынын айтты.
Кештің қадірлі қонақтары:
-Ардақты әже,ауданның «Құрметті азаматы», «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері-Досжанова Алтын апамыз,
-Ұстаз, «Алтын алқа» иегері Мұқатова Ляззат,
-Ұстаз, аяулы ана,Кәрібекова Құралай,
- Ұстаз, аяулы ана,Қаңлыбаева Меруерт,
- Мектеп психологы Есеналиева Эльмира,
- Мектеп тәлімгері- Абильдина Эльмира және де мектебіміздің білімді, сымбатты,инабатты 8-11 сынып қазақтың қыздары.
Досжанова Алтын апамыз «Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалын жете талдады.Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ екенін. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет екенін. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет екенін жете түсіндірді.
Ляззат апайымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күннен тыю» деген мақал төңірегінде философиялық ой қозғады. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу - халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі екенін Меруерт апайымыз ашып айтты.Мектеп психологы Эльмира апай мектебіміздегі қыздардың тәрбиесі жайлы,
«Қазіргі қазақ қыздары бұзылу қаупін кешіруде» - дегенге не дейсіз?Қазіргі кезде тәрбиеге не әсер етуі мүмкін? Деген бірсыпыра қыздарымыздың ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны жайлы қозғады. Сол әдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыздарды тәрбиелеу-бүгінгі мектептің, қоғамның және ата-ананың негізгі міндеті деген үндеумен аяқталды.

«Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі: Көлбаева А. С.

«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
«Қыз Жібек» қыздар клубының желтоқсан айына атқарған жұмысы туралы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив