Жамбыл облысы Сарысу ауданы
"Саудакент ауылы Балтабай Адамбаев атындағы Тірек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 21-190
Есепші бөлімі:
+7(72634) 21-539
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ата-аналардың мектепішілік жиналысында мекеме басшысының есеп беруі
29
январь
2018

Ата-аналардың мектепішілік жиналысында мекеме басшысының есеп беруі

Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебі (РО)


Ата-аналар жиналысының
№ 1 хаттамасы


Саудакент ауылы 17. 01. 2018 жыл


Қатысқандар: 5-11 сынып ата-аналары
Жиналыс төрайымы: Ф.Турсынбекова
Хатшы: Е. Кунбосынов

Күн тәртібінде:

1. Әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?
2. Ұялы телефонның қандай түрін оқушыға қолдануға болады?
3. Оқушының тәрбиесіне ата-аналардың жауаптылығы
Хабарламашы: Ф. Турсынбекова – мектеп директоры

Тыңдалды:
1. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша мектеп директоры Ф.Турсынбекова ата-аналар алдына есеп берді. 2017-2018 оқу жылында мектепке сабаққа тартылмай отырған оқушы жоқ. Мектепте барлығы 849 оқушы бар. Оқушылардың сабаққа қатысуы толығымен қадағаланып отырады.Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, арнайы журналға тіркеліп отыратындығын айтты. Денсаулығына байланысты және семья жағдайында орын алған себепке байланысты сабақтан қалған оқушылардың дәрігерлік анықтамасын, ата-анасының өтініштерін тіркеп отырғандығын ескертті. Ата-аналармен сынып жетекшілердің тығыз байланыс жұмыстары жүргізіледі. Сабақтан себепсіз қалаған оқушылардың ата-аналарымен байланыс жасап, сабақтан қалу себебін анықтайды. Қазіргі кезде сабаққа келмей отырған немесе сабақтан көп қалатын оқушы жоқ екенін айтты. Мектеп мөлтек ауданында тұратын толық емес отбас бала саны-202 , оның ішінде анасымен -117, әкесімен-85, тегін ыстық тамақпен қамтылғандар-150 оқушы. Көпбалалы отбасыдан шыққан-235, аз қамтылған отбасыдан бала саны-130, жетім -3 оқушы бар екенін мәлімдеді. Соның ішінде мектепте үйден оқитын балаларға қайырымдылық қорынан көмек берілгендігін атап өтті.
2.Ата –ана Баулыбеков Балтабек балаға жәй ұялы телефон әкелуге болама? деген сұрақ қойды.Бұл сұраққа Ф.Турсынбекова былай деп жауап берді. Мектепке ұялы телефон әкелуге тиым салынады. Себебі: ұялы телефон сабақ процессіне кедергі келтіреді. Оқушы денсаулығына да зиянын тигізеді.Және де оқушылар бір-біріне мазақтау,анайы хаттар жібереді. Мұның соңы құқықбұзушылыққа әкеліп соқтырады.
3.Ата-ана Әліпбаева Құндызай неге ата-аналардың ролі басым,оқушыны тәрбиелейтін мектеп емес па ? деген сұраққа мектеп директоры былай жауап берді: мектеп ережесі бойынша оқушының сабақтан қалуына , сабақ уақытында кешігуіне және өзім білемдікке салынуына тиым салынады.Тәртіп бұзған оқушыларға бірінші кезекте ескерту беріледі , екінші рет қайталанса мектепішілік бақылауға қойылады. Қазір кжаңартылған білім бойынша жаңа жүйеге ауысқандықтан екінші ауысымдағы сабақ 19.35-те аяқталады. Түнгі мезгілде сабақтан қайту барысында көшеде құқықбұзушылыққа жол бермеу керек.Ата-аналарға оқушыны сабақтан кейін күтіп алу ескертілген. Жалпы қауіпті жағдайлардан сақтану- баршаға ортақ » ,-деп сөзін аяқтады.Сонымен қатар Ф.Турсынбекова ата-аналарға арналған этикет кодекс туралы айтып өтті.
Ата-аналарға арналған этикалық кодекс
1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.
3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.
4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс алмаңыз.
7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.
8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.
10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.
11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.
13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.
14.Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

Мектеп директоры Ф.Турсынбекова былай деп қорытындылады: Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Сіздерге ата-ананың міндетін тағы бір рет естеріңізге салып өтіп кетер болсам артық етпес деп ойлаймын.
Ата-аналар тарапынан Рахышев Амандос сөз алып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлу туралы айтып өтті. Баулыбеков Балтабек мектептің атқарып отырған тәрбие жұмысына жақсы баға берді. Тәрбиенің негізгі ошағы отбасы екендігіне тоқталды.

Ұсыныс
1. Ата –аналарымен түсінік жұмыс жүргізілсін, кешкі мезгілде кездейсоқ оқиғалардан сақтандыруға ата-аналары жауаптылығы ескертілсін.
2. Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап, дер кезінде көмектесіп отыру.
3. Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажеттігін басшылыққа алу.

Жиналыс төрайымы Ф. Турсынбекова
Хатшы Е. Кунбосынов

Ата-аналардың мектепішілік жиналысында мекеме басшысының есеп беруі

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив