Жамбыл облысы Сарысу ауданы
"Саудакент ауылы Балтабай Адамбаев атындағы Тірек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 21-190
Есепші бөлімі:
+7(72634) 21-539
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
ноябрь
2018

Балаларды зорлық –зомбылықтан қорғайық!

Қазіргі таңда үлкен мәселенің біріне айналып отырған – ол мектеп оқушыларының, балалардың зорлық – зомбылыққа тап болуы. Құқық бұзушылықтың бірі жасөспірімге қатыгездік, әлімжеттік пен түрлі зорлық – зомбылық көрсету күнделікті өмірдің бөлігіне айналып барады. Сол қатыгездік, күш көрсету, бопсалау қайдан шығады? Немесе жасөспірімдердің кекшіл,қатыгез және суық қанды болып қалыптасуына не себеп? Осы сұраққа бәріміздің де ойланып отырып, жауап іздеуіміз керек.
Баланың болашақта қандай азамат болуының негізі отбасында, мектепте берілген және айнала қоршаған ортадан алған тәрбиесіне байланысты. Отбасында үлгілі тәрбие алаған баланың бойында адами қасиеттер басым болады. Өз баласына ұлттық тәрбие беру және балаға деген міндеттерін, оның өміріне жауаптылықпен қарау ата-ананаың тікелей міндеті.Жақсы тәрбие алған әрбір бала үлкендерді сыйлау, өзінен кішілерге қол тигізбеу және адамның жеке абыройына қол сұқпайды. Ата-аналар өз баласына тәрбие бере отырып, оның құқықтық сауаттылығына да көңіл бөлуі қазіргі заманның талабы.
Ыбырай атамыз «Бала жас шыбық ,оның түзу де сымбатты өсуі берілген тәрбиесіне байланысты»,- деген сөзінің мәні өте зор. Бала өзінің отбасының, ата – анасының берген тәрбиесін алуға және өзінің қызығушылықтарын жан – жақты дамуын қамтамасыз етуге құқылы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе жауапты тұлға, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағандары үшін жауаптылыққа тартылады.
Мектепте тәрбие сағаттарында балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу бағытында , ата-аналар отбасында өз баласына түсінікті ете отырып ,зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беру және ол адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп отыруы қажет. Біздің басты мақсатымыз – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында игі қасиеттері қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар бүгінгі қоғамда жас ұрпақтың бойында зорлық – зомбылық жасауына жол бермеу, олардың өзін – өзі қорғай білуін қалыптастыру. Оқушылардың көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек, оларға жол сілтеп, үлгі көрсетсек, онда заманға сай, қоғамға керекті азамат, отансүйгіш, елін сүйгіш азамат, ел үшін қызмет ететін қайраткер тәрбиелейміз деген сөз.
Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы санасына сіңіріп, тәрбиелеуі аса маңызды іс. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін- бас бостандығы жәнебақытты өмір сүру. Оның кепілі – заңдылық. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – Конституцияның басты талабы. Жасөспірімдерді жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға тәрбиелеу ата-аналардың және педагогтардың негізгі міндеттерінің бірі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив