Жамбыл облысы Сарысу ауданы
"Саудакент ауылы Балтабай Адамбаев атындағы Тірек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 21-190
Есепші бөлімі:
+7(72634) 21-539
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
сентябрь
2024

Мектеп формасына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып табылады. 
    Еліміздің заңнамасында мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау бойынша ата-аналарға және оқушыларға нақты міндеттер жүктелген. ҚР «Білім туралы» Заңның 47 бабының 15-1 тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. 
         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілген.
          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №93 бұйрығымен «Орта білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарты» бекітілген. Ата-ана мен мектеп арасында жасалатын шартта ата-аналар міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті деп көрсетілген. 
          Мектеп формасына қойылатын талаптар мекеменің Жарғысында, Оқушылардың ішкі тәртіп ережесінде және Ата-ана мен мектеп арасында жасалған шартта көрсетілген.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив