21
январь
2018
Туған жер тарихы
«Туған жердің тасын сүй. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне». Міне туған жерге қатысты қазақ мақалы осылай тізбектеле береді. Бұл ұлттық ұғымымызда туған топырақтың қаншалықты маңызды орынға ие екенін аңғартады. «Кіндік қаным тамған жер» деп қастерлейтін қазақ ешқашан отанын жау қолына беріп қойып, қарап отырмаған. Ұрпағын да төл табиғатты ластамауға, жер ананың ырзығын ысырап еспеуге тәрбиелеген.
Анамыздай ардақты болып санамызға сіңген отанды қорғау үшін қазақ даласында қаншама соғыс болды. Туған жер тағдыры жолында қаншама уақиға тарих болып тұнды. Қазақтың қай даласында да жер атауының көпшілігі ескі замандағы оқиғаға қатысты болып келеді. Яғни, туған жер тарихын білу – туған ел тарихын білу, өзіңнің өткеніңді білу деген сөз. Міне осы мақсатта мектебімізде түрлі іс-шаралар өткізілуде. Мысалы, 8-сыныпта «Туған өлке тарихы», «История родного края», «Өлкетану» факультативтік курстары оқытылады. Одан бөлек, Ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында, тарих, қазақ тілі және география пәндері бойынша саяхат, экскурсия сабақтарын аудандық мұражайда, тарихи, мәдени ескерткіштерде өткізу қолға алынды. Бұл атқарылып жатқан шаралардың берері мол. Бүгінгі жас ұрпақ рухани нәрді өзгеден емес, өзінің төл тамырынан алмақ. Төл тамырдан сусын алған тұлғаны ешкім де тура жолдан тайдыра алмасы анық.
Тарих пәнінің мұғалімі Шойынбаев Таңатар.