15
март
2024
"Жаздық жолдама 2024"
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес 15 наурыз күні «Қайырымдылық» тақырыбы белгіленді. Бұл күнді қайырымдылық, мейірімділік және тату көршілікті насихаттау тақырыбына арнау қажет.
«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде "Жаздық жолдама 2024" – қайырымдылық жобасын бастап отыр. "Жаздық жолдама" жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді.
Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие болған пәндік олимпиадалардың, ғылыми жоба байқауларының және спорттық сайыстардың жеңімпаздарын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
"Жаздық жолдама" жобасы бойынша оқушылар жазғы лагерьде 2 апталық демалыс өткізеді. Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің 10 оқушысына ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Құлыбеков Жамбыл сертификат табыстады.