«Алғашқы қоңырау»


Балтабай Адамбаев тірек орта мектебінде 2019 жылы 1-қыркүйек Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында азаматтық және патриотизм сабағы өтті.
Мақсаты:Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.
«Алғашқы қоңырау» мерекесін мектеп директоры Турсынбекова Фарида Рсанқызы салтанатты түрде ашып берді. Ата-аналар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, ұстаздар қауымына жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тіледі.Оныншы сынып оқушысы Сембекқызы Сагинаға Республикалық Абай оқуларынан 1орын алған жүлдесімен құттықтады.
Айтулы мерекеге Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Нұрмаханова Лаура Игенқызы қатысып, оқушылар мен мұғалімдерге толағай табыс тіледі.Мектеп ұжымына жаңа оқу жылында үлкен сенім артатынына сенім білдірді.
Жиынға келген қонақтар жақсы көңіл-күймен тарады.


