06
ноябрь
2018
2018 жылдың 27 қазан күні Қамқоршылық кеңес алдында есеп беру жиналысы өткізілді
Мектепішілік Қамқоршылық кеңес алдында мектеп директоры мен мектеп инспекторының есеп беру жиналысы (27.10.2018 жыл)
Күн тәртібінде:
1. Мектептің жаңа 2018-2019 оқу жылына дайындығы.
2. Жалпыға міндетті білім беру қорынан бөлінген көмек.
3. Жалпы республикалық «Мектепке барар жол» акциясы.
4. Тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар.
5. Мектептің Жарғысына толықтырулар енгізу:
1) міндетті мектеп формасы;
2) діни атрибутикаға тыйым салыну.
6. Мектеп инспекторының есебі.
Мектеп директоры Ф.Турсынбекова жиналысқа қатысушы Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар мен мектеп ұжымының алдында есеп берді. Атап айтқанда, мекеме басшысы бірінші мәселе бойынша: «Мектеп жаз айларында ағымдағы жөндеуден өткізілді, барлық оқу кабинеттері мен дәліздер жарықтандырылған, өрт қауіпсізідігі талаптары сақталған. Жаңа оқу жылына дайын.
Жылу қазандығы талапқа сай, арнайы тексерілістен өткізілген. Қысқы маусымға қажетті отын (400 тонна көмір) уақытылы түсіріліп, жинақталды» - деп мәлімет берді. «Жалпы алғанда мектеп жаңа оқу жылына толықтай дайын» - деп баяндамашы өз сөзін қорытындылады.
Мектеп директоры аудандық білім бөлімі тарапынан жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен биылғы оқу жылында сабаққа келе алмау қауіпі бар, жағдайы төмен, көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және жетім, жартылай жетім 35 оқушыға киім-кешек пен аяқ киім ретінде көмек берілгендігін жиналған көпшілік алдында атап айтты.
Сонымен қатар, жалпы республикалық «Мектепке барар жол» атты мейірімділік акциясы аясында көпбалалы, жағдай төмен отбасынан шыққан және жетім, жартылай жетім 12 оқушыға мектеп ұжымы тарапынан оқу құралдары мен киім-кешектер сыйға тартылғандығы да айтылды.
Мектеп директоры Ф.Турсынбекова жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен таныстырды. Аталған талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру екендігін айта келе, мектептің Жарғысына осы өзгерістерді енгізу қажеттілігі - заман талабы екендігін атап өтті.
Жиналысқа қатысушылар аталған мәселе бойынша өз пікірлерін ашық түрде айтып, міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келу керектігін, форманың үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалатынын, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етілетінін және мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалатынын ескертті.
Сонымен қатар, жиналысқа қатысушы мектеп инспекторы Д.Хасанов мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтындығын басып айтты. Нәтижесінде, жиынға қатысушылар мектеп Жарғысына аталған толықтырулар енгізілсін деген шешімге бірауыздан келісті.
Сарысу АІІБ қызметкері, полиция аға лейтенанты Д.Хасанов осы мектепте бірнеше мәрте ата-аналармен және оқушылармен жиналыстар өткізіп, ҚР Қылмыстық Кодексінде көрсетілген бопсалаушылық әрекетіне түсініктеме бергендігін атап өтті. Бопсалаушылық - қылмыстық әрекет, өзгенің мүлкін зорлық көрсету арқылы иемдену болып саналатындығы туралы айтылғандығын ескертті. Бопсалаушылықтың түрлері атап берілген болатын: -Күш қолданып ақша жинау; -Күш қолдана отырып мәжбүрлеу (жұмыс істету , жұмысау және т.б); -Материалдық шығындар келтіру (киім-кешек н/е заттай шығын); т.б.
Оқушылар арасында ұялы телефонды сабаққа әкелмеу және себепсіз қолданбаудың алдын алу және қазіргі кезде ұялы телефонның адам үшін зияндылығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдымен ұялы телефондар әкелген оқушыларға ескерту берілді және қайталанған жағдайда тиісті шара қолданылатыны түсіндірілді. Себебі: қазіргі кезде ұялы телефонның қолды болуы, яғни ұрлану фактілері көбейіп барады. Өзгенің мүлкіне қол салу құқық бұзушылық болып табылатындығы ескертілген болатын. Дегенмен, мектепте аталған фактілер тіркелмегендігін атап өтті.
Келесі кезекте мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Шойынбаевпен бірлесе отырып бақылау жүргізілгендігін, тойхана, кафе иелеріне оқушылардың түнгі сағат 22.00-ден кейінгі уақытта болмауы қатаң ескертілгендігін айтты. Көңіл көтеретін орындарда туған күн, мерекелік іс-шара өткізуге болмайтындығы және түрлі басқосулардың бақылауда болатындығы ескертілгендігін де тілге тиек етті.
Шешім:
1. Мектеп директоры Ф.Турсынбекованың күн тәртібіндегі 1-4 мәселелер бойынша берген есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.
2. Мектеп Жарғысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген міндетті мектеп формасының талаптары енгізілсін.
3. Мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.Хасановтың есебі қабылданып, жұмысына оң баға берілсін.
4. Аталған шешімдермен барлық ата-аналар мен оқушылар таныстырылсын.