12
ноябрь
2018
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны
Елімізде бала құқығын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2018 жылдың 12-23 қараша күндері аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық науқаны жарияланды. Осыған орай, біздің мектепте аталған ақпараттық науқанға арнайы жоспар жасалып, жиын өткізілді. Атқарылатын іс-шараларға мектеп психологтары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орнынбасарлары, әлеуметтік педагогтар және директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орнынбасарлары қатыса отырып, бекітілген тақырыптар бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Республикалық науқанның ашылуына орай мектепте оқушылар арасында жиын өткізіліп, науқанның мақсаты таныстырылды. Жиынды мектеп директоры Ф.Турсынбекова ашып, оқушыларға: «Әлемде барлық балалар бақытты болуы тиісті. Бала біздің болашағымыз. Бүгін мектеп партасында отырған оқушы, ертең еліміз үшін маңызды істер атқара алатын тұлға» - деп , балаларға білімде, спортта, түрлі сайыстарды алғыр, өз мақсатына жетуге дайын болуларына тілек білдірді.
Жиынға қатысқан Сарысу АІІБ қызметкері, полиция аға лейтенанты Дәулет Хасанов өз сөзінде оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу үшін, бірінші кезекте, әрбір баланың өзі тәртіп сақтау керектігін талап етті және өз сөзін «Әрбір тәртіпті, білімді оқушы ертең тәуелсіз елдің ең құрметті азаматы болады» - деп аяқтады.