Жамбыл облысы Сарысу ауданы
"Саудакент ауылы Балтабай Адамбаев атындағы Тірек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 21-190
Есепші бөлімі:
+7(72634) 21-539
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқоршылық кеңесінің мектепішілік ата-аналар комитетімен бірлескен отырысы өткізілді
27
ноябрь
2018

Қамқоршылық кеңесінің мектепішілік ата-аналар комитетімен бірлескен отырысы өткізілді

2018 жылдың 28 қарашасында мектебімізде Қамқоршылық кеңсі мен 11-сынып ата-аналарының бірлескен отырысы өткізілді. Отырыста Мемлекеттік қорытынды емтихандар мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық шаралары қарастырылды. Бірінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нағима Сламкулова сөз алып, 11-сынып оқушыларының мемлекеттік қорытынды аттестаттауға дайындығы туралы хабарлама жасады. Қазіргі таңда 11-сынып оқушыларының таңдау пәндері анықталып, сол бойынша педагог мамандар қосымша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты.
Дегенмен, қосымша сабақтарға оқушылардың толық қатысуы сын көтермей отырғандығын да тілге тиек етті. Осыған байланысты хабарламашы Кеңес мүшелерінен балалардың дайындыққа сапалы қатысуын қамтамасыз етуді сұранды. Жекелеген оқушылар әлі де болса болашақ мамандықтарын тұрақты таңдамағандығын да өкінішпен ескертті.
Осы мәселеге байланысты сөз алған Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мендияр Мамбетов жиналғандарды бұл сұраққа үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды. «Қазіргі таңда болашағын ойламаса, ертең ол баладан не шығады?» - деп өз сөзін қорытындылады төраға.
Екінші мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Казыбек Умиркулов жиналғандарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің директоры Д.Ускунбаеваның жолдаған хатымен таныстырды. Биылғы оқу жылынан бастап оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау үшін сынама тестілеу өткізу, сынама кітапшаларын алу үшін қаражат жинау ата-аналардың өз құзырында екендігін ескертті.
«Сонда бітіруші түлектер ҰБТ-ге қалай дайындалуы керек, ата-аналар мен оқушыларға кім көмек береді?» деген Кеңес мүшелерінің сұрақтарына хабарламашы: «Жоғары оқу орнына түсу емтихандарына дайындалу әрбір оқушының жеке шаруасы болып табылады. Дегенмен, педагогтар балаларға өз пәндері бойынша ақысыз түрде қосымша сабақтар ұйымдастырады, сондықтан балалардың дайындығын ата-аналар бақылап, мұғалімдермен тығыз байланыста болуы қажет» - деп жауап қайтарды.
Отырыс соңында сөз алған Мендияр Мамбетов: «Заман талабы болғандықтан, балаларымызды мектеп ұжымымен бірлесе отырып қосымша дайындайық. Ал, ата-аналар өз тарапынан, ҰБТӨП қызметкерлерімен хабарласа отырып, сынама тестілеу өткізу, тест кітапшаларын алуды ұйымдастыру сияқты мәселелерді Қамқоршылық кеңесі мектепішілік ата-аналар комитетімен бірлесіп шешуі керек» - деп ой түйіндеді.
Жиын соңында Қамқоршылық кеңесінің мүшелері мектеп әкімшілігіне тыңғылықты жауаптары үшін алғысын білдірді және келесі шешімдерді шығарды:
1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нагима Сламкулованың «2018-2019 оқу жылында оқушылардың мемлекеттік қорытынды емтихандарына дайындығы туралы» хабарламасы назарға алынсын.
2. Мектеп бітіруші оқушылардың қосымша сабақтарға қатысуын ұйымдастыру мен қадағалау әр сыныптың ата-аналар комитеттеріне қатаң түрде тапсырылсын.
3. Мектеп директорының бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары Казыбек Умиркуловтың «2018-2019 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу емтихандары) туралы» хабарламасы назарға алынсын.
4. Бітіруші түлектерге ақысыз түрде қосымша сабақтар ұйымдастыру мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдеріне тапсырылсын.
5. Мектеп бітірушілердің сынама тестілеуін ұйымдастыру, Жаңатас қаласындағы ҰБТӨП қызметкерлерімен байланыс орнату, сынақ кітапшаларын өз қаражатына алу және осыдан туындайтын т.б. мәселелерді шешу Қамқоршылық кеңесі мен мектепішілік ата-аналар комитетінің құзырына берілсін.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив