ХХІ ғасыр мамандықтары
Адамзат тарихындағы әрбір ғасыр адам өмірінің түрлі салаларында жаңа мүмкіндіктермен және жаңалықтармен ерекшеленді. Бұл жаңа технологиялардың қарқынды дамуына, жаһандық компьютерлендіруге, маңызды медициналық жаңалықтарға байланысты. Ғылыми және техникалық жетістіктер әлемнің бейнесін түбегейлі өзгертеді, олар өркениет деңгейіне, өмірлік тәртіпке және жеке тұлғаның құндылықтарына әсер етеді. Сондықтан адамның кәсіби қызметі де тыс қалмайды. 1988 жылы халықаралық стандартқа 9333 мамандық енгізілді, ал біздің елімізде мамандар 7000 мамандық саналды. М.Х.Тима (1975) жазбаларындағы әлеуметтанушылардың деректерінде оны жыл сайын біршама ескі мамандықтар жойылып бес мыңнан астам жаңа мамандықтар пайда болады
Барлық елдерде көптеген өзгерістер болуда, оның ішінде Қазақстанда да көптеген жаңа мамандықтар пайда болды. (Работа в ногу со временем: новейшие профессии 21 века//Электронный ресурс: https://timeforwoman.ru/career/superwoman/rabota-v-nogu-so-vremenem-noveyshie-professii-21-veka.html).
Қазіргі таңда төмендегідей топтастыруға болатын көптеген жаңа мамандықтар бар:
1) Ғылым және ғарышпен байланысты мамандықтар;
2) Бизнес және ақпараттық технологиялар саласы;
3) Event-индустрия, жарнама және сауда;
4) Әлеуметтік сала мамандықтары: білім беру және медицина.
Ғылым және ғарышпен байланысты мамандықтар
Халықаралық қауымдастық климаттың жаһандық өзгеру мәселелері туралы алғаш рет өткен ғасырдың 80-ші жылдарында сөз сөйледі. 21-жүзжылдықтың басында адамзат осы саладағы зерттеулерден практикалық қызметке көшті. Британдық ғалымдардың пікірінше, қоршаған ортаны қорғау жолындағы келесі заңды қадам климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі мамандардың пайда болуы.
Ағымдағы ғасырдың тағы бір болашақ еншісіндегі келесі бағыты – қозғалыс құралдары саласындағы инновацияларды әзірлеу, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту. Күн тәртібінде-көп функциялы энергия үнемдейтін және экологиялық қауіпсіз машиналарды әзірлеу мәселесі тұр. Осылайша, таяудағы он жылда көліктің баламалы түрлерін әзірлеушінің мамандығы сұранысқа ие мамандықтардың бірі болады.
Ғарыш саласында адамзат басқа ғаламшарларды отарлау мен жерден тыс минералдық ресурстарды игеру алдында тұр. Футурологтар осы ағымдағы ғасырда астроиндустриямен байлансыты мамандықтарға сұраныстың күрт өсетіндігі туралы айтады. 2020 жылдан кейін танымал мамандықтар тізіміне ғарыш аппараттарының ұшқыштарының қатары толығады:
- Космобиологтер – ғарыш жағдайында тірі ағзалардың мінез-құлықтарын зерттеуші, жерден тыс базалардан және орбиталық станциялардан ұшу үшін тұрақты экологиялық жүйені әзірлеуші мамандар.
- Космогеологтер - Айда және астероидтарда пайдалы қазбаларды өндірумен және кен орындарын бағалау, анықтаумен айналысатын мамандар.
- Космотуризм бойынша менеджерлер – ай базаларына, орбиталық станцияларға бару бағдарламасын құрайтын жаңа ғасырдың басқарушылары.
- Ғарыш құрылыстарының өмірлік циклін жобалаушылар – астроинженерлер, одан әрі кәдеге жарату немесе қайта құру мүмкіндігін ескере отырып, жерсеріктері мен станцияларды әзірлеуге маманданған кәсіп иесі.
Бизнес және ақпараттық технологиялар саласы
21-ғасырда жылжымайтын мүлікті сатып алу мен сатуға байланысты мамандықтар өзекті болады. Риэлторлардың арасында қандай да бір жобаның құрылысын ілгерілетумен және оны іске асырумен айналысатын кәсіпкерлер – девелоперлер неғұрлым сұранысқа ие болады. Олар кез келген істі ойдан бастайды, оған өз ақшаларын салып, жеке қаржы сызбасын әзірлейді. Девелопердің түпкі мақсаты-жобаның құнын барынша арттыру.
Андеррайтер салыстырмалы түрде жаңа бизнес-мамандық болып табылады. Бағалы қағаздар нарығында акцияларды шығару және бөлу процесін басқаратын кепілдік берілген тұлға андеррайтер деп аталады. Сақтандыру ісіндегі андеррайтер тәуекелдерді бағалайтын және орынды шарттар жасасу бойынша шешім қабылдайтын маман иесі болып табылады.
Ұйымдастырушылық қабілеті, аналитикалық ақыл-ойы және дамыған коммуникативтік дағдылары бар адамдарға қызметкерлерді іріктеу саласында күш сынап көру қажет. Жұмыс беруші мен ізденуші арасындағы бірінші дәрежелі делдалдарды "бас аулаушылар" деп те атайды. Хэдхантер, қарапайым рекрутер қарағанда, аса құнды және жоғары ақы төленетін мамандармен жұмыс істейді.
Ауылшаруашылығында зәулім ғимараттарда орналасқан агроөнеркәсіптік автоматтандырылған «тік ферма» қызметкерлеріне сұраныс өседі. Қазіргі таңда қала жағдайында көпқабатты өсіру мәселесі әзірлену сатысында тұр Жақын арада осындай пилоттық жобалар кейбір мегаполистерде (Нью-Йоркта, Сингапурде), ал 2025 жылдары дамыған елдерді бұл қалыпты құбылыс болып табылады.
IT саласында да жаңа мамандықтар пайда болады. Олардың ішінде – копирайтер (тапсырыс бойынша ақпараттық және жарнамалық мәтіндер жазады) және контент-менеджер (сайттарды суреттермен, жаңалықтармен, мақалалармен толықтырушы). Жоғары шығармашылық пен зерделілікті қажет ететін мамандықтар қатарына веб-дизайнерлер жатады. Бұл ІТ-маманының міндетіне сайт дизайнын әзірлеуде жатады. Бұл міндетпен вебмастерлерде айналыса алады. Бұдан басқа, ол сайттарды басқаруға, сақтауға және жаңартуға маманданған Вебмастердің жоғары еңбекақысы дизайнер мен программист қызметінің теңгерімділігімен байланысты түсіндіріледі. Бүкіләлемдік торда сайттарды жылжытумен СЕО-маман айналысады.
Event-индустрия, жарнама және сауда
Ағымдағы ғасырда ойын-сауық индустриясын дамыту әртүрлі іс-шараларды кәсіби ұйымдастырушыларға деген қажеттілікті тудырды. Ивент-менеджерлер кештер, мерейтойлар, үйлену тойлары, балалар мерекелері, корпоративтер, тренингтер, конференциялар мен презентациялар жоспарлаумен және оларды өткізумен айналысады. Олардың міндеттеріне идея әзірлеу, іс-шара үшін орын таңдау, сценарий құру кіреді.
Қонақтардың көңілін көтерумен тікелей аниматорлар айналысады. Бұл мамандық үлкен табыс әкелмеседе көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды. Ол актерлік, вокалдық немесе хореографиялық қабілеттері бар, басқалармен тез тіл табыса алатын адамдар үшін қолайлы болып табылады. бар көпшілік адамдарға қолайлы Аниматорлар туристік бизнесте, балалар мен корпоративтік мерекелерде ерекше сұранысқа ие.
Еңбек нарығында жарнамалық қызмет көрсетумен айналысатын мамандықтар бар. Мысалы, медиапланер науқан барысында бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеумен айналысады. Агенттікте жұмыс істей отырып мұндай маман маркетингтік және әлеуметтік зерттеулерге сүйеніп БАҚ-тағы жарнаманың тиімділігін бағалайды. Оның міндеті науқанға жұмсалатын қаражатты оңтайландыру болып табылады.
Нарықты басқару саласындағы аналитикалық жұмыспен маркетолог айналысады. Бұған ұқсас жұмыспен бренд-менеджер айналысады: фирмалық маркалар айналымының шеңберін кеңейту, тауар тобының сатылымын басқарады. Оның міндетіне өнім мен қызметке сұранысты зерттеу және қалыптастыру кіреді. 21- ғасыр мамандықтарының қатары BTL-маркетинг саласына жатады:
Промоутерлер парақшалар мен сыйлықтарды таратумен, сатып алушыларға кеңес берумен, өнімнің дәмін татумен айналысады.
Мерчендайзерлер сатушы болып қызмет етеді. Олар сауда нүктесінде көтермелейтін тауарлардың қолжетімділігін және жеткілікті болуын қадағалайды, бәсекелестердің бағасын бақылайды.
Супервайзерлер – промоутерлер мен мерчендайзерлердің топтарының басшысы. Олардың бойларында көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттері, жүйелі ойлау мен жоспарлау дағдылары болуы тиіс.
Әлеуметтік сала мамандықтары: білім беру және медицина
Алдағы онжылдықта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының әсерінен білім беру жүйесі танымастай өзгерістерге ұшырайды.
- Балалардың интернет – әлеуметтену ерекшеліктерін веб-психологтар жақсы түсінетін болады.
- Онлайн-платформа кураторларының міндеттеріне мыналар кіреді: қашықтықтан оқыту курсын құрастырады, мұғалім мен оқушы арасындағы коммуникациялық проблемаларды шешеді.
- Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін лайфстайл-жаттықтырушы деп те атауға болады. Ол сабақтарды жоспарлауы, денені шынықтыру жаттығуларына жетекшілік етуі, дұрыс ұйықтау мен тамақтану бойынша ұсыныстар беруі тиіс.
- Ойын шеберлері ойын сценарийін әзірлеп, оған оқу бағдарламаларын бейімдеумен айналысады.
- Брейн-тренердің негізгі міндеті оқушылардың зейін өнімділігі мен шоғырлануын арттыру болып табылады.
Коуч – әзірге отандық жоғары оқу орындары дайындамай жатқан 21-ғасыр мамандығы. Бір мезетте психолог, тренер және кеңес берушілік қызметтерін қатар атқарады және қызметкерлердің тұлғалық әлеуетін ашу арқылы кәсіпорынның өнімділігін арттыруға көмектеседі. Коучер қызметінің тізіміне мыналар кіреді: жағдай прооблемасын талдайды және кеңес береді, мақсат қойып, сабақ бағдарламаларын әзірлейді, тренингтер жүргізеді. Білікті психологке ІТ- технологиялары да көмектесе алады. Адам жан дүниесі туралы терең білімі бар маман онлайн-коучер немесе желілерде әлеуметтік қызметкер бола алады.
Қазіргі ғасыр медицинасында трансплантолог, ағзаларды өсіретін мамандарға, пластикалық хирургтер мен нанодәрігерлерге жұмыс орындары табылады. Даниялық ғалымдардың пікірінше, қартайған адамдарға жан және тән саулығын мүмкіндігінше ұзақ сақтауына көмек көрсететін геронтопсихолог – кеңес беруші мамандығы келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі болып табылады.
Адамдар тұқымқуалаушылық аурулардың алдын алу және анықтаумен айналысатын генетик диагност-дәрігерге жиі жүгінетін болады. Биоэтик мамандар мекемелердегі нормативтік-құқықтық нормалардың және адами құндылықтардың сақталуын қадағалайды. (Новые перспективные профессии: кем быть в XXI веке//Электронный ресурс: https://legkopolezno.ru/rabota/karera/novye-professii/).
Бұл тізімді Қазақстанда және бүкіл әлемде 21-ғасырдағы аса маңызды және сұранысқа ие мамандықтар қатарымен толықтыруға болады. Бұл мамандықтардың басым көпшілігі ресейлік «Сколково» бизнес мектебінің және Стратегиялық бастамалар агенттіктерінің мамандары әзірлеген Жаңа мамандықтар атласында (бұдан әрі – Атлас) көрініс тапқан.
Атлас негізгі салалар мен компаниялардың трендтерін, еңбек нарығының болашақ қажеттіліктерін терең талдау негізінде құрылған. Түрлі әлеуметтік және экономикалық сала талаптарының өзгеруі жұмыс істейтін мамандардан қосымша түйінді құзыреттіліктерді, тіпті жаңа мамандықтарды талап етеді.
Толық ақпаратты жинақтайтын және жүйелейтін жаңа мамандықтар атласын жастарға мамандықты дұрыс таңдауға көмектесетін кәсіби бағдар құралы ретінде қарастыруға болады. Дәл осы таңдау болашақта олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.
Дегенмен де, Атлас таяудағы екі онжылдықта еңбек нарығында қандай мамандар қажет болатыны туралы сұраққа түпкілікті және нақты жауаптардан тұратын материал болып табылмайды. Сонымен қатар, Атлас бизнестегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің факторы ретінде салалық құзыреттіліктерді дамытудың негізгі бағыттарын айқындау үшін пайдалануға болады. Бұл кәсіпорындарға адам ресурстарын басқарудың неғұрлым тиімді стратегиясын қалыптастыруға, білім алушыларға (түлектерге) тағылымдамадан өту, онлайн-курстар және практика арқылы өзінің білім беру траекториясын дербес құруына көмектеседі.
Білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер болашақ еншісіндегі міндеттерге сүйене отырып кадрлық сұраныстарды әзірлей алады (Атлас новых профессий, 2015.).
Әрине, уақыт өте келе болашақта кәсіптердің бұл шеңбері кеңейіп, бүгінгі таңда жаңа және белгісіз мамандықтар пайда болары сөзсіз.