04
октябрь
2019
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
2019 жылдың 3 қазан күні мектебімізге Ұлттық аграрлық университеттің оқытушысы Асқар Шардарбеков арнайы іссапармен келіп, мектеп әкімшілігімен, 11-сынып оқушылары және сынып жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында А.Шардарбеков өзі жұмыс істейтін ЖОО-да және колледжіндегі ауыл шаруашылық мамандықтары туралы көптеген ақпарат беріп, мектеп бітірушілердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында мектеп директоры Ф.Турсынбекова осындай іс-шаралардың оқушылар мен ата-аналарға берері мол екендігін атап айтты және де алдағы уақытта мектеп пен Ұлттық аграрлық университет арасындағы ынтымақтастықты арттыру жолдары қарастырылып жатқандығын да тілге тиек етті.
