Жамбыл облысы Сарысу ауданы
"Саудакент ауылы Балтабай Адамбаев атындағы Тірек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 21-190
Есепші бөлімі:
+7(72634) 21-539
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
март
2018

Туған жерге туыңды тік

Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елімен,өткенмен және болашақпен байланыстырады.Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Отан- ошақ басынан басталады : туған жер,туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл.Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін өте қымбат.Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты,уайымсыз балалық шағым өтті.Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде.Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін.Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә...Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін.Сен әрқашан өзің бармасаң да,оймен қиялдап туған көшені,есіктің алдын «Қызым,үйге кір...» деген анаңның сөздерін еске түсіресің.Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.Қазір бойжеттім,бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше-менің кішкентай Отаным.Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан-көпұлтты мемлекет.Бейбітшілік пен достастықта,татулықта бірге жұмыла отырып,қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар,татарлар,немістер мен кәрістер еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын.Бірлік,ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық –Қазақстандықтардың қалауы.мен оны білемін.Онда татарлар да,орыстар да, қазақтар да бар.Олардың тағдырын,өмір тарихын тыңдағанда менің елімодан сайын маған жақындай түседі,оны жақынырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар,әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған.

«Туған өлке тарихы » курсы бойынша жазылған оқушы шығармашылығы.
8 «а»сынып оқушысы Жанарбекқызы Акерке
Туған жерге туыңды тік
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив