14
ноябрь
2019
Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және оны шешу жолдары
2019 жылдың 14 қараша күні мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Шойынбаевтың ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және оны шешу жолдары» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Әжмағанбетов Түйешібай, Дүйсенов Орынтай және Төлмағанбетов Арқабай аталарымыз қатысты. Т.Шойынбаев кездесудің мақсатын және оның бүгінгі күні маңыздылығын түсіндірді. Келген қонақтар кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігіне тоқталып, оның қатаң жазаға жеткізбей медиациялық жолмен шешу туралы әңгімелеп, ақпарат берді. Кездесу жақсы деңгейде, оқушыларға қажетті мәліметтерді қамти отырып, өтілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, қонақтарға сұрақтар берді. Кездесу соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Көлбаева қорытынды сөз сөйлеп, мектеп ұжымы атынан ақсақалдарға 


жерлесіміз, жазушы Балтабай Адамбаевтың шығармалар жинағын сыйға тартты.



