01
июнь
2021
Ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА
Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ.
Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Осы әрекеттен ұтылып жатқан тек бала мен ата-ана. Еліміздің ұлттық заңнамаларында бала еңбегіне шектеу қойылып, оның ең нашар түрлері үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қарастырылған. Сонымен қатар, ҚР Конституциясымен мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Бұл шара бала еңбегін реттейтін арнайы заңмен де толықтырылған. Кәмелетке толмаған балалар кафе-мейрамханаларда даяшы болып, ыдыс-аяқ жуып, сауда сөрелерінде тауарлар мен өнімдер сатып, автокөлік жуу, құрылыстарда жұмыс істеп жүреді, Бұл олардың дамуына және білім алуына, болашақтарына кедергі жасайды, олардың көбі бала еңбегінің ең нашар формасына тартылуда. Әрі балалардың өмірлеріне, денсаулықтарына зиян келтіреді және психологиялық әсерін тигізеді. Ересектерге қарағанда балаларды басқару оңай, олардың икемдігі мен дағдылары аз болса да, өз құқықтарын жете түсінгені дұрыс.
Осыған байланысты жыл сайын республикамызда маусым айының 1 мен 12 аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылады. Осы шараға байланысты біздің білім ордасының ұжымы ана-аналар мен қоғамдық ұйым өкілдерінің қашықтан қатысуына негізделген «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранындағы маңызды басқосуға жиналды. Басты мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, балалардың тұрмыстық зорлық пен зомбылықтың құрбаны болудан, отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме және ақпарат –насихат жұмыстарын жүргізу.