01
июнь
2021
Бала еңбегін қанауға жол жоқ
,,Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн ,, Ұлтық ақпараттық науқаны 1-12 маусым аралығында ұйымдастырылуда. Маусым айының 12-і дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Осы әрекеттен ұтылып жатқан тек бала мен ата-ана.Бала болашағымыз, оларды ауыр жұмысқа салуға болмайды.
