04
декабрь
2020
"Ата-аналар жиналысы"
Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебі 3 желтоқсан күні "Zoom" платформасы арқылы ата-аналармен ,,Бала қауіпсіздігі -басты назарда,, тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысты мектеп директоры Ф. Турсынбекова ашып, ата-аналарға жолда қауіпсіздік шараларын сақтау, мектепте және үйде санитарлық талаптарды қатаң орындау және қашықтықтан сабаққа қатысуы туралы айтты. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Шойынбаев,түнгі мезгілде заңды тұлғасыз жүрген жасөспірімдерге ҚРӘҚБтК 442-бабына сәйкес жауапкершілік туындайтынын түсіндірді. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А. Көлбаева, үйден мектепке, мектептен үйге дейін жол бойында, көшеде жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын, осыны ата-аналардың басты назарда ұстауын ескертті.




