16
ноябрь
2018
«Сыйлыққа кітап» акциясы өткізілді
Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектеп (ро) кітапханасында Оқу әдебиеттерінің қоры оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктері мен білім мекемесінің бағдарына сәйкес қалыптасқан. Мектебімізде ата-аналар, оқушылар, ұстаздар демеушілігімен «Сыйлыққа кітап» атты акциясы өткізіліп, кітапхананың кітап қоры үнемі толықтырылып отыруда. Акцияға байланысты кітапханада ұйымдастырылған іс шаралар қыркүйек, қазан айында өткізілді. «Менің өлкемнің атақты ақын –жазушылары» тақырыбында кездесу кеш өткізілді. Кешке 8-9 сынып оқушыларынан 20 оқушы қатысты. «Жауынгер», «Аманатқа адалдық», «Адамбаев әлемі», «Мақал-мәтелдер» атты кітаптарды Балтабай Адамбаевтың немересі Сырым Адамбаев сыйға тартты.