03
март
2021
"Жолда жүру қауіпсіздігін сақтау"
Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Шойынбаевтың ұйымдастыруымен 8-11 сынып аралығында,, Жолда жүру қауіпсіздігін сақтау,, тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға жол ережелерін таныстыру, кәмелетке толмағандарға автокөлік жүргізуге тыйым салынатындығын ескерту.
Жол жүрісі қауіпсіздігі – жол жүрісіне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларынан және олардың зардаптарынан қорғалу деңгейін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының “Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы” Заңымен және Ішкі істер министрінің нормативтік актілерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу көлікпен жүру және оны пайдалану қауіпсіздігіне қарсы жасалған қылмыс болып табылады.
Кәмелетке толмағандарға көлік жүргізуге тыйым салынады. Бұл әрекет үшін ата-аналарына ҚР ӘҚБтК 621 бабы, 5-тармағына сәйкес айыппұл салынады.