06
март
2023
,,Ашық есік күні,,
Сарысу ауданы, Саудакент ауылында Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде 6 наурыз күні ,,Ашық есік күні,, өткізілді. Келген ауыл азаматтарына ,, Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру,, жобасы туралы ақпаратты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жоба аясында мектеп заманауи техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ. Умиркулов жобаның мақсатын, атқарылған жұмыстар және күтілетін нәтижелері туралы түсіндірді. Ата-аналар мектепке экскурсия жасап, жаңарған мектеппен (оқу кабинеттері, арнаулы сыныптар, art- студия, телестудия, шеберхана) танысты. Тәрбие орталығы ұйымдастыруымен дайындалған концертті тамашалады.


