Тәуелсіздік
#Марапат Тәуелсіздік Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің. Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Уа, Еркіндік, қош келдің! Өзегімді өртке ораған қоғамда, Өз үйіме өзім өгей болам ба?! Алшаң басып жүре алмаса алты алаш Азаттығым! Қадірің де жоқ онда! ...Саған жету қиын болса қаншалық, Сақтап тұру қиынырақ одан да! Алла берген азаттықтың әр сәті- Аманат қой Маған, Саған Оған