«Дін және қоғам»
Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде деструктивтік діни ағымдардың алдын алу және жастардың бойында патриоттық сезімдерін дамыту мақсатында «Дін және қоғам» тақырыбында ақпараттық топ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге Байқадам ауылдық округі әкімшілігінің маманы М. Еспенбетоа, «Сарысу жастары» орталығының директорын орынбасары Балғабай Бауыржан, дін проблемасын зерттеу орталығының инспекторы, теолог М. Мырзағараев қатысты.