06
декабрь
2023
«Innovation psychology»
Саудакент ауылында орналасқан, Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 07 қараша күні жолдаүані №2/26-1805 шығыс хатына сәйкес, «Innovation psychology» Республикалық қоғамдық қорының «Бестерек» жобасын жүзеге асыру мақсатында педагог-психологтары Жансұл Абилдаева мен Назгүл Бердібекова 5 желтоқсан күні мектептегі «Бестерек» жобасына қатысушы мектептің әкімшілік мүшелері мен 5-11 сынып жетекшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға «Бестерек» жобасының мақсаты мен міндеттерін, мектептегі деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықты білім алушылардың тәуекел топтарын анықтау әдістерін түсіндірді.



